USD
USD
USD

Карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды", - деп жауап берді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, ТЖ режимі мен карантин кезінде қызметке енгізілген шектеулерге байланысты табысын жоғалтқан тұрғындарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге төленген.

"Бұл жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың бұрын-соңды болмаған шарасы. Жалпы сомасы 476,3 миллиард теңге төлемді 4,6 миллионнан аса адам алды", - деп толықтырды министрлік қызметкерлері.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші