USD
USD
USD

Карантиндік шектеу шараларының сақталуын бақылау күшейтіледі

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданындағы мобильді топ кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантиндік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Карантиндік шектеу шараларының сақталуын бақылау күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Кезекті мониторинг барысында нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген міндеттемелерді бұлжытпай орындауды тапсырды.

Қаратау ауданы аумағында 1039 кәсіпкерлік нысан бар. Ауданда 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек