USD
USD
USD

Карантиндік шектеу шараларының сақталуы күшейтілуде

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту жөніндегі шаһар әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін ауданда құрылған мобильді топпен бірге аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Карантиндік шектеу шараларының сақталуы күшейтілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген тапсырмаларды бұлжытпай орындауды тапсырды.

Еске сала кетсек, Қаратау аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар.

Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.