USD
USD
USD

Карантинді бұзғаны үшін айыппұл мөлшері артты

 Әлем халқының басым бөлігі вакцина салдырмай, ұжымдық иммунитетке қол жеткізу мүмкін емес.

Карантинді бұзғаны үшін айыппұл мөлшері артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарапшылардың айтуынша, коронавирусты жеңудің тиімді тәсілдерінің бірі санитарлық шектеулерді ұстану. Бірақ көптеген елде тұрғындар сақтық ережелеріне немқұрайлы қарайды. Сондықтан билік карантин талаптарын бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін ұлғайтып жатыр.  Канада үкіметі бекіткен ереже бойынша шетелден ұшып келгендер 3 күн карантиндік қонақ үйде болады. Бұл міндеттен бас тартқандарға 4 маусымнан бастап 5 мың доллар айыппұл салынып жатыр. Алдында айыппұл көлемі 3 мың болған еді. Кейбір адамдар 3 күн қамалып жатпай, айыппұл төлей салған. Әуежайда тапсырылған тестінің нәтижесі оң болса, науқас жарты айға оқшауланады. Ал теріс болса, 14 күнді бәрібір үйінде өткізуі тиіс. Құрлықпен келгендерге карантиндік қонақ үйде болу керек деген шарт жоқ. Ережедегі осы айырмашылық тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Оның үстіне вакцина салдырғандар да аталған талапқа бағынуы керек.

Грузияда карантин талабы бір күнде 518 рет бұзылды. Көбі көшеде бетпердесіз жүрген. Олар 20 грузин лариіне тең айыппұл төлейді. Бұл шамамен 3 мың теңге. Қайта бұзса, айыппұл 2 есе өседі. Сарапшылар маска режимі кемінде әлі 1 жыл сақталады деп топшылайды. Бетпердесіз жүру үшін халықтың 70 проценті вакцина салдыруы керек. Түнгі 11-ден таңғы 4-ке дейін көшеде себепсіз жүргендерге жаза бұдан да ауыр.  «Оқшаулану және карантин ережелерін бұзған жағдайда Қылмыстық кодекстің 42-бабы 10-бөлігіне сәйкес, жеке тұлғалар 2000 грузин лариі, ал заңды тұлғалар 10 000 грузин лариі көлемінде айыппұл төлейді және әкімшілік жауапкерлікке тартылады. Қайта бұзу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі». Грузияның ішкі істер министрлігі Германияда шетелден келгендер 10 күн карантинге қамалады. Осы кезде оқшауланған балаларды сабақтан себепсіз босатты деп саналып, ата-анасына 1 мыңдай еуро айыппұл салынады. Бұл жарты миллион теңгеге жақын шығын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Үкімет инфляцияны төмендетіп, экономиканы жаңа үлгіге көшіруі керек

Парламент палаталарының бірлескен отырысы

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанға әсер ете ме?

Тимур Сүлейменов

Құрманғазы мен Исатай ауданында теміржол вокзалының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Вокзал

Тоқаев 1 шілдеде өкілеттігін тоқтататын Парламентті «ең мықты құрамның бірі» деп атады

Президент