Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Карантинді бұзғандарға 30 млн теңгеден астам айыппұл салынды

 Жамбыл облысында карантин талаптарын бұзғаны үшін 239 азаматқа 30 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Карантинді бұзғандарға 30 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысының талаптарын орындау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Мәселен, бір күннің ішінде полиция қызметкерлері көптеген халық тобы жиналған мерекелік және еске алу шараларын өткізу бойынша карантиндік режимді бұзудың жеті дерегін анықтады. «Облыста карантиндік шектеу шаралары әлі де сақталуда. Алайда, бұл шектеу шараларына немқұрайлы қараған 470 азамат Тараз қаласындағы ойын-сауық орындарында жеті іс-шара өткізген. Тұрғындар маскалық режимді және әлеуметтік ара қашықтықты бұза отырып, тойханаларда адамдарды көптеп жинап, мерекелік шаралар, үйлену тойлары, мерейтойлар, банкеттер ұйымдастыруды жалғастыруда. Жалпы, 23 шілде мен 22 қазан аралығында рейдтік тексерулермен 3375 нысан қамтылды. Карантин талаптарының сақталуына тексеріс жүргізген мониторингтік топтар нысандардағы 286 заң бұзушылықты анықтады. Анықталған бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 30 255 198 теңгені құрайтын 239 айыппұл салынды, - дейді ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп