USD
USD
USD

Карантин кезінде видео түсіргені үшін айыппұл салынды

Ақтөбе облысында карантиннен видео түсірген ауруханадағы әйелге айыппұл салынды.

Карантин кезінде видео түсіргені үшін айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Мәртөк ауданында Жайсан ауылында болған. Жергілікті атқарушы орган карантиндік орын ретінде белгілеген көп салылық колледждің интернатына орналастырылған әйел "Төтенше жағдай туралы" Заңның 16-бабы, 1 тармағы 4-бөлімін бұза отырып, жатқан жерінен видео түсіріп, Инстаграмға жүктеген.

Құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, видео түсіруге тыйым салынғаны туралы білмегенін айтты. 30 наурызда Мәртөк аудандық сотында шешім қабылданды: азамат "Г" Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 7 тармағына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және ол 26 510 теңге (10 АЕК) көлемінде айыппұл түрінде жазаланды, - дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком