USD
USD
USD

Карантинде жатқан әйел босанды

Алматыда карантинде жатып босанған 32 жастағы әйел провизорлық орталықтан шықты.

Карантинде жатқан әйел босанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, пациент 12 сәуірде №1 Қалалық клиникалық ауруханаға дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, жөтел, тамақтың жыбырлауы сияқты катаралды симптомдармен түскен. Ауруханада коронавирустық инфекцияға талдау алынды, ол теріс нәтиже көрсетті. Бұл келіншектің алғашқы рет босануы екенін айта кету керек.

14 сәуірде әйел босанып, салмағы 3 келі ұл бала туған. «Мен карантинде болғанымда босануыма тура келді. Бұл менің тұңғышым болғандықтан өте қатты уайымдап едім. Бұған дейін қасыма серік болатын адаммен босануды жоспарлағанмын, бірақ толғағым карантинге тура келді. Бірақ, мен медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында жалғызсырамадым. Менің ата-анам қала сыртында тұрады. Олардың мені, баланы уайымдағаны рас. Стационардың медицина қызметкерлеріне үлкен рахмет айтқым келеді. Карантин кезінде мен олардан көп нәрсені үйрендім, жас ана курсынан өттім деп те айтуға болады», - деді Ажар Манханова.

«Бүгін анасы ұлымен бірге қорытынды талдаудан кейін үйіне шығарылды. Анасының да, сәбидің де жағдайы жақсы» – деді стационар басшысы Эрнест Қалиев. Жалпы, қазір №1 Қалалық аурухананың перзентхана блогында Cоvid-19 диагнозы расталған 6 әйел жатыр. Олардың екеуі босанған. Карантинде 24 жүкті әйел бар.

Қазір оқып жатыр

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян