USD
USD
USD

Карантинде керек құжаттар

Елорда мен Алматы қаласының әкімдігі күшейтілген карантин режимі кезінде жұмысқа баратын азаматтардың өзімен бірге қандай құжат алып жүруі керек екенін айтты.

Карантинде керек құжаттар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, күшейтілген карантин режимінде жұмысқа баруы керек қызметшілер өздерімен бірге өзі жұмыс істейтін ұйымның мөрі басылған және басшысының қолы қойылған анықтаманы алып жүрсе жеткілікті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс орнынан алған анықтама мен қызметтік куәлікті өзімен бірге алып жүруі керек.

«Журналистер өзімен бірге жұмыс істейтін ұйымның мөрі қойылған анықтама мен қызметтік куәлік ұстап жүруі тиіс», – дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Хакерлер BilimClass платформасындағы пән атауларын өзгерткен

Смартфон

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция