USD
USD
USD

Карантинде 200-ге жуық адам көкпарды тамашалаған

 Түркістан облысында карантин кезінде 200-ге жуық адамның басын қосып, көкпар ұйымдастырғандар анықталды.

Карантинде 200-ге жуық адам көкпарды тамашалаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісай АПБ қызметкерлері күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында, белгісіз тұлғалардың көкпар ұйымдастырғаны туралы таралған бейнежазбаны назарға алды. Болған жайтты бірден тексеруге кіріскен тәртіп сақшылары көкпардың Жетісай ауданы Жамбыл елді мекенінде болғанын анықтады. Яғни ауыл тұрғыны егістік алқапта карантин талаптарын бұзып, 200-ге жуық адамның басын қосып, көкпар ұйымдастырған. Бүгінде іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша құжаттар жинақталып, СЭС-ке жолданды.

Ал полицейлер Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын бұзбау керектігін еске салады. Базарларға, дүкендерге және адамдар көп жиналатын басқа да жерлерге барғанда, қоғамдық көліктерге мінгенде медициналық бетперде киіп, антисептик пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Той-жиын, көкпар немесе басқа да адамдардың саулығына зиян келтіретін іс-шараларды ұйымдастырмауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті