USD
USD
USD

Карантин тәртібін бұзған дәмханалардың тізімі жарияланды

 Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бірнеше рет карантин ережесін бұзған дәмханалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Карантин тәртібін бұзған дәмханалардың тізімі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шаурма» және «Баррус» дәмханалары карантин тәртібін бұзудан рекорд жасады. 5 шілдеден бері «Шаурма» кафесін тексеру кезінде 16 тәртіп бұзу фактісі, ал «Баррус» кафесінде 6 факт тіркелді. Полицей, эпидемиолог, волонтер мен жергілікті атқарушы орган өкілінен құралған мобильді топтар күн сайын карантин ережесін бұзу фактісін анықтау мақсатында тексеру жүргізеді. Тексеру барысында полицейлер ойын-сауық орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына, сауналарға, моншаларға кіріп, иелеріне қазіргі карантин шаралары туралы ескертеді, сондай-ақ заң бұзушылық фактілерін анықтайды.

Тексеру кезінде карантин режимін бұзған көп нысан белгілі болды. Көптеген дәмхана иелері мен жалға алушылар Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің қаулысын елемей, үнемі карантин режимін бұзады. Жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Ғосман Жакиннің айтуынша, карантин тәртібін бұзу адамдардың өміріне қауіп төндіреді. «Қабылданған шараларға қарамастан, кей кәсіпкерлер карантинді бұзуын қояр емес. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында біз барлық заңды шараларды қолданып, өтінішхат жібереміз, лицензиясын да алып қоюымыз мүмкін», - деп атап өтті ол.

Көңіл көтеру орындарының иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБК 425-бабы («карантин режимін бұзу») бойынша материалдар жиналып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жіберіледі. «Алматы» ауданы: - «Мята» дәмханасы - «Мармелад» дәмханасы - «Көкшетау» дәмханасы. «Байқоңыр» дәмханасы: - «Баррус» дәмханасы - «Центр плова и шашлыка» дәмханасы - «Шаурма» дәмханасы. «Есіл» ауданы бойынша: - «Аура» дәмханасы - «Шашлычный двор» - «The дым» «Сарыарқа» ауданы: - «Угол» дәмханасы - «Анар»дәмханасы - «Брио» дәмханасы - «Арбалет» дәмханасы.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев