USD
USD
USD

Карантин талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда

Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейдтік іс-шаралар өтуде.

Карантин талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Әл-Фараби ауданы аумағында мобильдік топ тәртіп сақшыларымен бірге «Arman city», «Sunrise», «Гарант» сынды адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында киім-кешек сататын дүкендердің бірнеше қызметкерлері бетпердесіз жүргені анықталып, ескерту жасалды.

Бүгінде Әл-Фараби ауданында карантиндік талаптардың сақталуын қадағалайтын 6 мобильді топ жұмыс атқаруда. Олар базар, ірі сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары мен тойханаларды күнделікті тексеруде.

Қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді карантиндік талаптарды сақтап, қоғамдық орындарда бетперде киюге, жауапкершілікті сезінуге шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек