USD
USD
USD

Карантин талаптарын бұзғандардың аты-жөні жарияланады

«Ashyq» қосымшасында қызыл түсті бола тұра карантин режимін бұзған азаматтардың есімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Карантин талаптарын бұзғандардың аты-жөні жарияланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қосымшада сары түсті мәртебесі бар тұрғындарға да қатысты шаралар қатаңдатылады. Бұл туралы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Жалпы, жиында өңірлерде түсіндіру жұмыстарын күшейту, вакциналау қарқынын арттыру мүмкіндіктері қаралды.

Бұдан бөлек, карантиндік шектеулерді сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселелері пысықталды. Енді жалған вакциналау паспортын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құрылады. Екпе алғандар саны төмен аймақтарда әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадалар жұмыс істейді. Коронавирустың жаңа штамдары пайда болған жағдайда індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдар жоспары әзірленеді. 

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев