USD
USD
USD

Карантин шектеулері қандай нәтиже берді?

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қолданылатын шектеулердің эпидемиологиялық жағдайға қалай әсер ететінін айтты.

Карантин шектеулері қандай нәтиже берді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері қалада шектеу шараларының енгізілуі өз тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

«Қалада 3 наурыздан бастап вирусты жұқтыру күрт өсті. Ол күні коронавирусты жұқтырудың 121 жағдайы тіркелсе, өткен сенбі күні 360 адамнан вирус анықталды. Ал жексенбі күні бұл көрсеткіш 297-ге дейін төмендеді. Дегенмен «қызыл» аймақтан шығу үшін бізге әлі де шектеулерді енгізу қажет», – деді ол.

Сонымен қатар, ол 10 наурызда шыққан жаңа қаулыға сәйкес демалыс күндері сауда үйлері, базар және қоғамдық көлік жұмысы тоқтағанын тілге тиек етті.

«Біз Қазақстанның бас санитар дәрігері белгілеген өлшемдерге сәйкес жұмыс істейміз. Оларды қолданамыз, күшейте аламыз, бірақ бұл шараларды жеңілдетуге болмайды. Статистика бойынша тиімділік бар. Шектеу шараларын жалғастыру қажет», – деді Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер