USD
USD
USD

Карантин шарасын бұзған екі спортшы Олимпиададан шеттетілді

 Грузияның екі дзюдошысы Олимпиада ойындарында COVID-шектеулерін бұзғаны үшін Токиодан кетті. 

Карантин шарасын бұзған екі спортшы Олимпиададан шеттетілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спортшылар Олимпиада қалашығының сыртына шығып, қаланы аралаған. Токио мұнарасының жанында жергілікті тұрғындармен фотоға түскен. Коронавирусқа байланысты шектеу шараларын бұзған спортшылар аккредитациясынан айырылып, еліне қайтарылды.  Екі спортшының біреуі – Олимпиаданың күміс жүлдегері Важа Маргвелашвили.

Ұйымдастырушы комитеттің өкілі Масанори Такая «сұмдық жағдай» болғанын айтып, спортшылар енді Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді.  Олимпиада ережесіне сәйкес, спортшылар тек жарысқа не жаттығуға бара алады. Қалаға шығуға, ескертусіз жүруге болмайды. Ережені бұзғандарға ескерту жасалады, болмаса бірден аккредитациядан айырылады.  

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау