USD
USD
USD

Карантин режимін сақтамағандар жазаланып жатыр

Түркістан облысының полицейлері 500-ге жуық карантин талаптарын бұзушылық фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин режимін сақтамағандар жазаланып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Портал мәліметінше, Түркістан облысының полицейлері Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің қаулысына сәйкес, күн сайын карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың, кәсіпкерлердің карантин режимін бұзуын анықтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соның нәтижесінде облыс аумағында мобильдік топтар карантин енгізілген уақыттан бері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы» бойынша 472 құқықбұзушылықтарды анықтады, оның ішінде 15 жайт – үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов