USD
USD
USD

Карантин режимін бұзғандар жаппай жазалануда

Елордада карантин режімін бұзған 300-ден астам адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті.

Карантин режимін бұзғандар жаппай жазалануда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Карантин режімінің күшейтілуіне қарамастан, кейбір азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеде жүрген. Үш күннің ішінде, яғни 28-30 наурыз кезеңінде полицияға 307 адам жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. Сонымен қатар, екі мыңнан астам профилактикалық түсіндіру шаралары жүргізілді», – деді Е.Сәденов.

Оның сөзіне қарағанда, 22 наурыздан бастап төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін 369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 86-сы қамауға алынды, 202 адамға айыппұл салынды.

Сондай-ақ, 69 адамға ескерту жасалса, 17 іс сотта қаралуда.

«Блок-бекеттерінде 98 адам жазаға тартылды, оның ішінде 80 адам қамалды, 14 адамға айыппұл салынды, 4 іс сотта қаралуда», – деді Е.Сәденов.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком