USD
USD
USD

Карантин режимін бұзғандар бес жылға сотталуы мүмкін

Карантин тәртібін бұзған Чили азаматтары 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ел билігі осындай жаңа заң жобасын бекітуді көздеп отыр.

Карантин режимін бұзғандар бес жылға сотталуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ел президенті Себастьян Пиньера мәлімдеді. Мұндай қатаң шараларға мемлекет аумағында індетті жұқтырғандар санының артуы себеп болған. Тұрғындар оқшаулану тәртібін орындамай, қаладағы қозғалыстарын карантинге қарамастан жалғастырған. Айта кетейік, жаңа шектеулерге байланысты осы аптадан бастап Сантьяго тұрғындары аптасына екі мәрте ғана үйінен шыға алады. Қала полицейлері күшейтілген режимге көшірілді. Соңғы тәулікте Чилиде 4 мың 475 адам коронавирусты жұқтырып алған. 226 адам бақилық болды. Осылайша бұл елде қауіпті кеселге шалдыққандар саны 225 мың науқастан асып отыр.

Чили президенті Себастьян Пиньера: "Бұл заң жобасының мақсаты – ескертулерге қарамастан карантин тәртібін бұзғандарды жазалау. Бұдан басқа амалымыз жоқ. Себебі бірде-бір азамат жауапсыз әрекеті арқылыеліміздің тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруге құқығы жоқ" деді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға