USD
USD
USD

Карантин нәтижесін беріп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді. 

Карантин нәтижесін беріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн сайын 30-50 пайыз аралығында құбылып тұратын. Ел бойынша карантин шаралары күшейтілген соң, республика бойынша жалпы өсім 9-12 пайызға дейін төмендеді. Бұл Үкімет пен өңір әкімдері жүргізген карантин шараларының тиімділігін көрсетеді», - деген министр апта басынан бері Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтіліп, жұмыссыз апта жарияланғанын еске салды.

«Ауру жұқтыру жағдайларының 30 пайызы еңбек ұжымдарында тіркелгенін айтқан едік. Жұмыс орындары инфекцияның таралуына айтарлықтай ықпал етті. 28 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтанда науқастар өсімі күніне 60 жағдайдан 15 жағдайға дейін төмендеді. Алматыда 8-ден 2 жағдайға дейін азайды. Мұның барлығы - карантин мен оқшауланудың тиімді болуынан. ТЖ бойынша мемлекеттік комиссия шешімімен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмысты тоқтату тағы бір аптаға созылды. Бұл екінші апта еңбек ұжымдарындағы, қоғамдық орындардағы байланысты азайтып, инкубациялық кезеңде жүрген науқастарды анықтауға мүмкіндік береді», - деді Елжан Біртанов.

 

Қазір оқып жатыр

КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды

 cpc.ru

16 миллиард рубль таза кіріс. Назарбаев НЕГЕ «АТБ Банк» дивидендін алмай отыр?

АТБ

AIRAN редакциясы қызметін тоқтатқанын хабарлады

Анна Яломенка, Дәурен Меркеев

Ұлытау облысында Olimpbet пен 1XBET-ке бәс тіккен 10 шенеунік қызметінен қуылды

Шенеунік