Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Карантин мерзімі ұзартылды

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері қала аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

Карантин мерзімі ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00-ден 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын, - делінген құжатта.

Атап айтқанда, ас беру шараларын қоспағанда (толтырылуы 30%-дан және 50 адамнан аспайтын) адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар (туған күндер, мерейтойлар, қыз ұзату, құдалық, той, беташар және басқалар) өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі.

Қоғамдық орындарға, оның ішінде көлікке отырған кезде, қызметіне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде бетперде тағу, антисептиктерді қолдану және қашықтықты сақтау тапсырылды.

Сондай-ақ, оқушылардың төртінші тоқсанда оқуы анықталды.

Қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқу жүзеге асырылады, мұнда 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспауы керек.

Жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта оқыту сыныпта балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті