USD
USD
USD

Карантин мерзімі ұзартылды

Грузияда 3 мен 15 қаңтар аралығы демалыс күндері болып жарияланды. Коронавирус індетіне байланысты үкімет шектеулер мерзімін ұзартты.

Карантин мерзімі ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирус індетіне байланысты үкімет шектеулер мерзімін ұзартты. Бірақ елде коронавирусты жұқтырған науқастар саны азая бастады. Дәрігерлердің болжамынша, мереке кезінде жұрт жиі араласқандықтан, індет қайта дендеп кетеді. Сондықтан, уақытша алынып тасталған шектеулер қайта күшіне енді. Тағы айта кетер бір жайт, Грузияға өзге бір елден кірген 50 жастағы адамнан Ұлыбританияда шыққан вирустың жаңа түрі анықталды.

Бірақ ол бұл елге сапар шекпеген. Азық-түлік дүкендерінен өзге барлық сауда орындары мен базарлар қайта жабылды. Қараша айының ортасында Грузияда күніне 5 мыңдай науқас анықталып келген еді. Сол кезде үкімет жаңа шаралар қабылдап, қоғамдық көлік те, қалаларалық жолаушы тасымалы да тоқтаған. Мейрамханалар, спорт клубтары мен оқу орындарының жұмысына тыйым салынған.   

Грузияда Рождество мейрамын қаңтардың 7-сінде  атап өтеді. Бұл түні коменданттық сағат алынып тасталатын болды. Ал қалған шектеулер қаңтардың отыз біріне дейін күшінде болады. Сондай-ақ стратегиялық маңызы бар нысандардан бөлек барлық мекемелер 15 қаңтарға дейін жұмыс істемейді.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy