USD
USD
USD

Карантин кезінде тойда жүрген қарағандылық судья жазаланады

Денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыдағы мейрамханада тойда жүрген судьяның видеосы туралы пікір білдірді. Судья карантин шарасын бұзған қонақтармен бірдей жауапкершілікке тартылады.

Карантин кезінде тойда жүрген қарағандылық судья жазаланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау министрлігі "бұл жағдайға", яғни мейрамханада халықты жинап той өткізген судьяның әрекетін құптамайтынын айтты.

"Бұл жағдай бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Судья Қазақстан азаматына қарастырылған жауапкершілікке тартылады. Бұл жалпы халықтың денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Қажетті шаралар қабылдаймыз. Мен заңбұзушыларды лауазымына қарай бөлмеймін. Ондай адамдар керісінше үлгі көрсетуі қажет", - деді денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түсірілген видео тараған еді. Видео кадрларынан мейрамханаға мобильді топ келіп, судьяны ұстағанын көруге болады. Видеода ол жағдайды тыныштандырып, тексерушілерден шу шығармауды сұрайды. Сондай-ақ, ол ойын-сауық мекемесінің көрші залында прокуратурлар да отырғанын айтады.

Ресми деректерге сүйенсек, судья Естай Исабеков 1978 жылы туған. Бұрын ол прокуратурада жұмыс істеген. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 2009 жылы Теміртау қалалық сотынан бастаған. Қазіргі уақытта ол Қарағанды облыстық сотының судьясы.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл