USD
USD
USD

Карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана анықталды

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтамай, құдалық өткізуге рұқсат берген мейрамхананы анықтады.

Карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана анықталды
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. Түркістан облысында инфекциялық ауруларды жұқтырған науқастар саны азаймай тұр. Сондықтан өңірде карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады. Түркістан облысы Бас санитарлық-дәрігерінің шешіміне сәйкес шектеу шаралары қайта күшейтілгені баршаңызға белгілі.​​​​​ Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық полиция бөлім, басқарма қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын дауысүдеткішпен ескертеді. Кәсіпкерлерге санитарлық режимді сақтау қажеттігі ескертіліп жатыр. Ал, қоғамдық орындарға келуші тұрғындарға үнемі бетперде мен қолғап, антисептик секілді санитарлық құрал-жабдықтарды қолданып жүру тиістілігі айтылады. ​Оның ішінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Десек те айтылған ескертулерге қарамастан, талаптарға бағынбау жайты бойынша полицейлер құқықбұзушылықты анықтады. ​​​​ Сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған нысандарды бақылап, рейд жүргізу кезінде Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Арыс қаласы көшелерінің бірінде орналасқан мейрамхананың жұмыс істеп, ішінде адамдар топтасып, құдалық өткізіп жатқанын анықтады. Осы заңсыздық бойынша қажетті материалдар жинақталып, әкімшілік шара көру үшін Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде паркингтер паналау орны ретінде қолданылмақ

Паналау орны

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – Энергетика министрлігі

Көмір

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Смартфон