USD
USD
USD

Карантин кезінде балық аулағандар ұсталды

Алматы облысында карантин кезінде балық аулаған балықшылар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысының полицейлері бекеттен заңсыз аң аулаудан келе жатқан браконьерлерді ұстады.

Карантин кезінде балық аулағандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Таңертең 09.40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Ақтоған және Шелек кенттерінің арасындағы жолдан “Ниссан” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көлікте 34 жастағы жүргізуші мен 57, 41 және 38 жастағы үш жолаушы болған.
Автокөлікті тексеру барысында олардан ластылары бар гидрокостюм, су асты аңына арналған гарпун – мылтық, шам, резеңке қайық және 140 килограммнан асатын ірі мөлшердегі түрлі балықтар – сазан, ақ амур, жыланбас балық, көксерке және ақтабан табылды. Ұсталған азаматтардың бірі өз кінәсін мойындап, аулау құралдары оның меншігі болып табылатындығын және табылған барлық балық гарпунның көмегімен Қапшағай суқоймасынан ауланғанын айтып берді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігі (айтарлықтай залал келтіре отырып балық ресурстарын заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей