USD
USD
USD

Карантин кезінде ас берген ер адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының тұрғыны карантин кезіндегі шектеулерді сақтамай, ас берген. 

Карантин кезінде ас берген ер адамға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  ШҚО ақпарат орталығының хабарлауынша, асқа келген қонақтардың бірінен кейіннен коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта асқа қатысқан 30 адам үй карантиніне оқшауланды. Ауданда вирустың одан әрмен таралуына тосқауыл қою мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жұқпалы дертке шалдыққан азаматтың үйі қоршауға алынып, дезинфекцияланған. «Асты ұйымдастырған Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылының 42 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476-бабына сәйкес жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген», - делінген мәліметте. Осы ретте ШҚО Полиция департаменті өңір тұрғындарын карантин кезіндегі шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.