Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Карантин: Қандай тыйымдар күшіне енеді?

Елордада Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер «Шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы» өзінің жаңа қаулысында Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанын атап өтті.

Карантин: Қандай тыйымдар күшіне енеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қалада Наурыз мерекесіне орай қалалық бұқаралық іс-шараларды (концерттер, ұлттық ойындар, тамақтандыруды ұйымдастыру, тауарлардың барлық түрлерінің саудасы, акциялар және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

Тікелей эфирде телебағдарламаларды жазу және өткізу кезінде көрермендердің студияларға қатысуына тыйым салынады. Кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, түнгі клубтар, батуттар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының жұмысына, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, жабық үй-жайлардағы лотереялар, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде мұз және роликті мұз айдындары жұмысына, жабық үй-жайларда да, ашық ауада да (Демалыс күнгі азық-түлік жәрмеңкелерін қоспағанда) түрлі жәрмеңкелер өткізуге тыйым салынады. Сонымен бірге, орналасқан жеріне қарамастан, тамақты жеткізу мен шығаруға арналған жұмысын қоспағанда, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады.

Отбасылық, еске алу шараларын, мерекелік корпоративтерді қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды, көрмелерді, акцияларды, шоурумдарды, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) және басқаларды өткізуге рұқсат берілмейді. Жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру нысандарының (түрлі үйірмелер), оның ішінде мектеп жанындағы лагерьлердің қызметіне тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Үмітсіз берешекті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық