USD
USD
USD

Карантин ережесін бұзғандар анықталды

Шымкентте карантин уақытында жұмыс істеп тұрған мейрамхана мен кафелердің иелері жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин ережесін бұзғандар анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 шілде күні “Instagram” әлеуметтік желісі арқылы Шымкент қаласы Бәйдібек би көшесінің бойында орналасқан “Royal Rouse” салтанат сарайында той болып жатқаны көрсетілген.

Интернет желісіне салынған жазба бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары, Шымкент қаласы Қаратау аудандық әкімшілігінің қызметкерлері және Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен құралған мобильді топ шығып, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында аталған мейрамхананың артқы бөлігінде ашық алаңда орналасқан “Elita Garden” кафесінің тұтынушылары тамақтанып кеткені анықталды. Орын алған оқиға бойынша, аталған мейрамхананың иесінен түсініктеме алынып, Шымкент қаласы ПД Қаратау АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Н.Нарымбетовтің және Шымкент қаласы Қаратау аудандық ТКҚСҚББ-ның бөлім бастығы А.Жолшибековтың қатысуымен тиісінше АКТ түзілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы 2-бөлімін басшылыққа ала отырып, заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданатын болады.

Қазір оқып жатыр

Оқушылар мен ұстаздардың дерегі тарады ма? Daryn.online жауап берді

Бизнес

Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген

жолдағы жылдамдық

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор