USD
USD
USD

Карантин: Елорда кафе-барында 300-ге жуық адам сауық құрған

Карантин бұзылғанын анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мониторинг топтары елордада күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Карантин: Елорда кафе-барында 300-ге жуық адам сауық құрған
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. 14 наурыз түнгі сағат 02.00-де белгіленген жұмыс режимін бұзған елордалық барлардың бірінде бір уақытта 300-ге жуық адам сауық құрды. Елорданың сол жағалауында орналасқан «Bla Bla Bar» карантиндік шектеулерге қарамастан, түн ортасынан кейін де жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мониторинг тобы мекемеде 300-ге жуық адамның болғанын анықтады. Келушілер әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамады. Материал ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес әкімшілік шара қабылдау үшін Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Сондай-ақ, Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған «Zima» барының басшылығы да жауапқа тартылды. Алматы ауданында өткен тәулікте мониторингтік топ карантиндік шектеулерді бұзған 3 мекемені - «Достар» компьютерлік клубын, «Мэнсон» және «Жаным сол» караоке-клубтарын анықтады. Сарыарқа ауданында «Тамшы» саунасы елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шаралары туралы қаулысын бұза отырып, 00:00-ден кейін жұмысын жалғастырды. Карантинді сақтамағаны үшін «Қазығұрт» кафесі де, Байқоңыр ауданындағы «Mezzo караоке» залы да жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» енді. Мониторинг топтарының жұмысы күшейтілген.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті