21 Сәуір 15:17
...

Карантин экспортқа кері әсерін тигізбейді

Фото:
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттауға карантин кезіндегі шектеу шаралары кері әсерін тигізбейді

. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов айтты.
Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігінің карантиндік инспекторларына тапсырма берілді. Еліміздің ішінде немесе экспортқа өнім сатуда ешқандай шектеулер жоқ. Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттар өтінімге сәйкес беріледі. Сертификатпен бірге "Bizbirgemiz' деген логотиппен қамтамасыз етеміз! Бұл белгі барлық пост бекеттерден өнімді тездетіп өткізуге мүмкіндік береді. Сертификаттарға өтінімдер аудандағы аумақтық инспекция арқылы қабылданады. Өтінім қабылдау басталды. "Bizbirgemiz" белгісі Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тарапынан беріледі. Құрметті диқандар, өнімдеріңізді өткізу бойынша ешқандай проблема болмайды», – дейді басқарма басшысы.
Ал Жетісай ауданы Ералиев округіндегі "Дихан"шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 50 тоннасын Ресейдің Воронеж, Санкт-Петербург, Уфа қалаларына жөнелтіп қойды. Диқандардың айтуы бойынша баға әлі нақты емес, себебі бағаны нарық шешеді.
Қожалық иесі Алжанов Арманның айтуынша, биыл 5 гектар жерге қырыққабат еккен. Оның 2,5 гектары «Кевин», 2,5 гектары «Фарао». Жалпы алғанда мұнда ақпан айының 10-ы күні 120 мың дана көшет отырғызылыпты. Жалпы Ералиев ауыл округінде биыл 88 гектар жерге қырыққабат егілген.
Бұдан бөлек Жылы Су ауылдық округінің дихандары қырыққабаттарын еліміздің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына жөнелткен.
Қазіргі таңға дейін аудан бойынша 11361 гектар аумаққа бақша дақылдары егілсе, 1500 мың алқапқа көкөніс егілген оның 1171 гектары қырыққабат болып табылады.

Тегтер: