USD
USD
USD

Қарамағындағы қызметкер үшін қанша басшы отставкаға кетті?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова қарамағындағы қызметкер үшін қанша басшының жауапқа тартылғанын айтып берді.

Қарамағындағы қызметкер үшін қанша басшы отставкаға кетті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Агенттік қол астындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірінші басшылардың жауапқа тартылуын қадағалайды және Президент Әкімшілігіне тоқсан сайын ақпар береді.

«Жаңа ереже енгізілген сәттен бастап (2019 жылғы желтоқсаннан бері) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 86 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, оның ішінде 4 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кетті», - деді Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында.

Ведомствода атап өткендей, 13 саяси мемлекеттік қызметші, 33 әкімшілік, 25 құқық қорғау органдарының қызметкері, 15 квазимемлекеттік сектор және ЖАО ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметкерлері жауапкершілікке тартылған.

«Аумақтық бөлімшелерде бұл мәселеде принциптік ұстаным болуы тиіс. Қажетті шараларды уақтылы қабылдай отырып, барлық жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне мониторинг жасау қажет», - деп атап өтті Анар Жайылғанова.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары