USD
USD
USD

Қарақұйрық атқан жамбылдық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарақұйрық атқан жамбылдық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарақұйрық атқан жамбылдық тұрғын
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерi "Сапсан" жедел қызметi инспекторларымен бiрлесiп, құмды аумақта заңсыз аң аулап жүрген азаматты анықтады. Тексеру барысында қарақұйрық жануарының тушасы және 12 калибрлі ИЖ аңшы мылтығы табылды.

Мылтықтың тiркеу нөмiрi өшiрiлген. Осы факт бойынша жақын маңдағы шаруа қожалықтың 31 жастағы малшысы әшкереленді. Ол жануарды азық ретінде пайдалану үшін атып алғанын айтты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің (Заңсыз аңшылық) бабымен сотқа дейiнгi тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажеттi сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты