USD
USD
USD

Қарақат Башанова 20 келілік көйлек киіп шықты

 Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 ән байқауында екінші орын алғанын хабарладық.

Қарақат Башанова 20 келілік көйлек киіп шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көрермендер мен қазылар алқасы жерлесіміздің әні мен дауысына ғана емес, сахналық бейнесіне де жоғары баға берді. Қалай дегенмен түсірілімге 50-ге жуық адам жұмылдырылған. Ал Қарақаттың сахналық келбетін стилист Анарбек Жәрдемов әзірледі. Ұзын ақ көйлек жеңіл және әдемі көрінеді. Ол періштенің бейнесін еске түсіреді. Көйлекті тігуге 200 метр мата пайдаланылған, ал салмағы 20 келі болған. Оны алты ісмер екі аптаның ішінде тігіп шығыпты. Анарбек Жардемовтің өзі: «Ақ түсті тегін таңдаған жоқпыз. Өйткені бұл әнді тыңдаған кезде тазалықтың, өмірден өтіп кеткен әкесіне деген сағыныш, балалық пәк махаббаттың лебі есіп тұрады. Көйлекке жібек, шифон және басқа да маталарды қолдандық», – дейді. Ал сахналық көріністердің режиссері – Андрей Хван. Шығармашылық топ «идеяны жетілдіруге, реквизиттер мен декорацияларды дайындауға екі ай кетті» дегенді алға тартты.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.