USD
USD
USD

Қарақалпақстанда төтенше жағдай жарияланды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзеев Қарақалпақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан Президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Telegram арнасында хабарлады.

Қарақалпақстанда төтенше жағдай жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Президент Жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, олардың құқығы мен еркіндігін қорғау, заңдылықты қалпына келтіру және тәртіп орнату мақсатында Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың 3 шілдесі күнгі сағат 00:01 минуттан 2022 жылдың 2 тамызы күнгі сағат 00:00-ге дейін төтенше жағдай жарияланды» делінген хабарламада.

Өзбекстан Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТЖ кезінде 21:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат болады. Қарақалпақстанға бару және ел аумағына шығу шектеледі. Адамдар жаппай қатысатын шараларға тыйым салынады.

Комендатура бастығы болып Өзбекстан Ұлттық гвардиясының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы