USD
USD
USD

Қарағандының зообағы экзотикалық сүтқоректілермен толықты.

Лемурлер Қарағандыға Алматыдан жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандының зообағы экзотикалық сүтқоректілермен толықты.
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. Әйгілі Мадагаскар мультфильмінің басты кейіпкерлері жаңа орында өздерін жайлы сезінеді. Оларға мамандар тіпті арнайы мәзір жасап беріпті.

Ал қалталы сүтқоректілер болса шөп-шаламға әуес болып шықты. Олардың бір үйірі Израильден Алматыға жеткізіліп, Қазақстанның хайуанаттар бағына, одан кейін Ресей мен Өзбекстанның бірқатар зообағына жеткізілген, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Хайуанаттардың атын Қарағанды зообағына келушілер өздері таңдап қоятын болады.

Жылы жақтан болғаннан кейін суыққа сондай төзімді емес, өте көрікті, қолға үйренген. Сондай әдемі. Біреуі еркек. Ұрғашысы кішкене үркектеу. Осыны өзіміз өсіріп жатырмыз. Жолдан келген соң стресстен кішкене жүдеу. Бірақ кішкене көтеріледі. Біздің малдарды көріп тұрсыз ғой солай", - дейді хайуанаттар бағының жұмысшысы Әмин Алин.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс