USD
USD
USD

Қарағандылықтарға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады

Қарағанды облысының тұрғындарына коммуналдық қызмет үшін 3,1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қарағанды облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарлауынша, қаржы өтемдік тарифтер арқылы қайтарылады.

Өңірлік департамент 2024 жылға арналған 73 табиғи монополия субъектісі ұсынған 200 есепті зерделеген. Талдау барысында 18 табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаларда көзделген жұмыстар мен шығындарды толық орындамағаны анықталған.

«Заңнамаға сәйкес, мұндай жағдайда тұтынушыларға қаражатты қайтару үшін өтемдік тариф енгізіледі. Осы тетік арқылы облыс тұрғындарына Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 3,1 млрд теңге қайтарылады», – делінген хабарламада.

Өтемдік тарифтер бір жыл ішінде – 2026 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.

Қайтарылатын қаражат қызмет түрлері бойынша былай бөлінеді:

  • сумен жабдықтау және су бұру қызметтері – 2,27 млрд теңге;
  • электр энергиясын жеткізу қызметтері – 669,6 млн теңге;
  • жылумен жабдықтау қызметтері – 107,7 млн теңге;
  • кірме жолдар қызметтері – 3,7 млн теңге;
  • газбен жабдықтау қызметтері – 55,6 млн теңге.

«Бұл шара тариф арқылы жиналған, бірақ жоспарланған бағыттарға жұмсалмаған қаражатты тұтынушыларға қайтаруға мүмкіндік береді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Департамент өкілдері тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу