USD
USD
USD

Қарағандылық тұрғын жалға пәтер аламын деп алданып қалды

Қарағандылық тұрғын пәтерді жалға аламын деп алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандылық тұрғын жалға пәтер аламын деп алданып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті.

Жәбірленуші азаматша Астана қаласынан пәтер жалдамақшы болған. Осылайша әлеуметтік желілердің бірінен арзан бағаға пәтер тауып алған. Осыдан кейін жәбірленуші пәтер жалға берушіге 25 мың теңге ақша аударған.

Келісілген уақытта жалдамалы пәтерге барған жәбірленуші ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқанын көрген. Олар бұл пәтерді белгісіз біреу жалға бергенін де білмеген. Алданып қалғанын білген жәбірленуші полицияға арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталып, ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ