USD
USD
USD

Қарағандылық полицейлер синтетикалық есірткі даярлайтын зертхананы анықтады

Қарағандылық полицейлер синтетикалық есірткі даярлайтын зертхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандылық полицейлер синтетикалық есірткі даярлайтын зертхананы анықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 4 шілде күні Қарағанды қалалық полиция басқармасының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы барысында қаладағы саяжайлардың бірінен 28 жастағы азаматты ұстады. Ұсталған азамат қала аудандарының әр жерлерінде 20-30 орамнан синтетикалық есірткі жасырып кеткенін мойындады. Ұсталған азаматтың синтетикалық есірткі жасырған жерлеріне жүргізілген тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлері 3 орам, жалпы салмағы 100 грамм болатын синтетикалық есірткіге ұқсас заттар тәркіледі.

– Күдікті жалға алған пәтерді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана табылды. Полиция қызметкерлерімен оқиға орнынан синтетикалық есірткі затын пісіруге арналған индукциялық тақта, екі термометр, екі респиратор, пластикалық ыдыстар және синтетикалық есірткіні өлшеуге арналған заттар, сондай-ақ сатуға дайын 500 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу –ішкі істер министрі алға қойған басым міндеттердің бірі. Осы бағытта біздің департамент қызметкерлері бұл жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті