USD
USD
USD

Қарағандылық оқушы Джонс Хопкинс университетіне шақырту алды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адина Жайлова Джонс Хопкинс университетіне (John Hopkins University) шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағандылық оқушы Джонс Хопкинс университетіне шақырту алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Адина Жайлова университетте биохимия мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

"Екінші курстың аяғына дейін нақты мамандықты таңдай аламын. Мен PhD дәрежесін алып, Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқым келеді", - деп жоспарларымен бөлісті қыз.

Джонс Хопкинс Университеті АҚШ-тың үздік он оқу орнының қатарына кіреді, QS университеттерінің әлемдік рейтингінде 24-ші орынды иелденген. Университетке түсу рейтингі 6,5 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз жыл сайын мыңдаған үміткерлердің ішінен тек 6 пайызы ғана оқу орнында білім алуға шақырылады.

Джонс Хопкинс университеті - АҚШ-тың алғашқы ғылыми университеті. Бүгінде бұл оқу орны АҚШ-тың басқа академиялық мекемелеріне қарағанда зерттеулерге көп қаражат бөледі. Сонымен қатар АҚШ-тағы оқыту мен зерттеуді біріктіріп, білім беру саласында революция жасаған алғашқы оқу орны ретінде танымал. Бүгінгі таңда университет түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп