Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарағандылық «Фитохимия» кешені мемлекетке қайтарылады

Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген "Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Қарағандылық «Фитохимия» кешені мемлекетке қайтарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр", - деді министр Telegram-каналында. 

Сонымен қатар ол Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатынын атап өтті.

Ұйымның сайтындағы мәлімет бойынша, "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі биологиялық белсенді заттарды іздеуден, дәрілік шикізатты өсіруден, оны қайта өңдеуден бастап, жаңа фитопрепараттардың дәрілік түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік партияларын өндіруге дейінгі бірегей отандық фитопрепараттарды әзірлеумен айналысады.

Қазір оқып жатыр

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.