Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарағандылық екінші рет COVID жұқтырды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусты қайта жұқтыру дерегі Қарағанды облысында тіркелгенін айтты. Ал Батыс Қазақстан облысындағы жағдай расталмады. 

Қарағандылық екінші рет COVID жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елімізде коронавирусты қайтадан жұқтырған адамдар туралы сұрақ қойылды.

«Кейбір елден осындай жаңалық шығып жатыр. Қайтадан ауырған адамдардың бір-екі жағдайы тіркелгенін әлем елдерінде дәрігерлер өздерінің ақпараттарында жазып жатыр. Батыс Қазақстандағы болған жағдай – ол Батыс Қазақстан облысында ең бірінші болған жағдай. Бірінші рет ол кісі ауырғанда эпидемиологиялық анамнезі, яғни кімнен жұққаны, қайдан келгені белгісіз болды. Сондықтан қазіргі таңда осыған байланысты қайтадан ауырды дегенді комиссия тарапынан мамандар қарап, есептемей отыр. Бірақ Қарағанды облысында қазір бір жағдай тіркелді. Бірінші жағдайында да аурудың толық клиникалық сипаты болған. Барлық инструменталдық, зертханалық анализбен дәлелденген. Екінші жағдай, осы қазан айының ішінде сондай аурумен қайта түсіп, ПТР-тесті оң болған. Сондықтан осыны біз қайтадан ауырған жағдай деп тіркеп отырмыз», – деді вице-министр.

Осы орайда ол Қарағанды облысында ауруды қайта жұқтыру нақты мәлімет ретінде тіркелгенін айтты.

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар