USD
USD
USD

Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды

Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері алматылық әріптестермен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қатысты кезекті қылмыстың бетін ашты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласында көрші елдің екі азаматы қолға түсті. Олар 77 жастағы Қарағанды тұрғынын алдап, 22 миллион теңгесін иемденген деген күдікке ілінді. Алаяқтар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалып, жинақтарын "қорғау" қажет деген сылтаумен бар қаражатын өз еркімен беруге көндірген. Әйел бастапқыда өзіне алаяқтық жасалғанына сенбеген, тек полицейлермен ұзақ әңгімелескеннен кейін ғана қылмыстың құрбаны болғанын түсінген. Тінту барысында күдіктілерден жалпы сомасы 22 миллион теңге тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

жол апаты

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?

Емтихан

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Түркістан

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

hilton