USD
USD
USD

Қарағандылық тұрғынның ақшасы мен құжаттарын ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандылық тұрғынның ақшасы мен құжаттарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша бұған дейін үйіне 20 литр суға тапсырыс берген.

Белгіленген уақыта пәтердің есігін қағып, жас шамасы 18-20 аралығындағы азамат су әкеліп беріп кеткен. Ол кеткен соң арызданушы өз жұмыстарымен сыртқа шықпақ болған. Алайда жұмбақ күйде ішінде жүргізуші куәлігі, жеке бас куәлігі және ақшалары бар әмияны жоғалып кеткен.

Келтірілген шығын 250 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский