USD
USD
USD

Қарағандылық дәрігерлер отадан кейін науқастың денесінде медициналық инені қалдырып кеткен

Қарағанды тұрғыны іші ауырып, дәрігерге жүгінген.

медициналық ине
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оған хирург плеврит деген диагноз қойып, облыстық ауруханада ота жасалған.

Ота тоғыз сағатқа созылған. Одан кейін пациентті фтизиатрия орталығына ауыстырған. Ол жерде қайтара рентген түсіргенде оң жақ кеудесінен медициналық ине табылған. Дәрігерлер қайтадан ота жасау туралы шешім қабылдаған.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

«2025 жылдың 19 мамырында аталған пациент жағдайы жақсарып, амбулаторлық емге жіберілген. Рентген динамикасы жақсы. Тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысынан кейін денсаулыққа зиян бар-жоқтығы туралы мәселе шешіледі», - деді ведомство.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank