USD
USD
USD

Қарағандыға өзге елдерден 1700 студент жеткізіледі

Қарағандыға бортында шетелден келген қазақстандықтар бар тағы бір арнайы рейс келіп қонды. Ереван-Тбилиси-Қарағанды бағытының ұшағында 124 жолаушы болған.

Қарағандыға өзге елдерден 1700 студент жеткізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардан алғашқы сынамалар алынып, түгел карантинге жатқызылды. Сонымен қатар бүгін Ресейдің Томск қаласынан тағы 23 қарағандылық ұшып келеді. Ал 15 мамыр күні кенді өлкеге пойызбен 1700 студент жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Облыстың бас санитар дәрігері Қанат Асқаров: "Өзге елдерден келіп жатқан азаматтарың барлығы – біздің отандастар. Оның ішінде қарағандылықтар да бар. Олар мемлекеттік комиссиядан рұқсат алып, елге қайтарылып отырғандар. Келгендердің барлығынан анализдер алынып, екі күндік карантинге жайғастырылды. Кейін анализдердің қортындысы бойынша өз өңірлеріне жіберілетін болады" деді.

Қазір өңірде карантин режимі жеңілдетілді. Ал толық алыну мәселесі кезең-кезеңмен жүргізілмек. Облыста монша, шаштараз, базарлар қысқартылған кестемен жұмыс істейді. Облыс тұрғындары аудан-қала араларына кедергісіз қатынай алады. Қалааралық қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат жоқ. Ерекше бақылауда болған Теміртау қаласында қала ішілік автобустар қайта қатынайтын болады. Сауда орындары мен шаштараз, өзге де шеберханалардың жұмысына рұқсат берілді.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы танымал мейрамхана дауына қатысты полиция мәлімдеме жасады

мейрамхана

Қазақстанда аптап ыстықтан отыздай адам қайтыс болды

күн өту

Жамбыл облысында 25 жастағы жігітті атып кетті: күдікті қамауға алынды

Ахмет Дүкенбай

«Заң және тәртіп» қағидатының нақты жүзеге асуы тәуелсіз сот жүйесіне байланысты – сарапшы

«Әділет» партиясы