USD
USD
USD

Қарағандыдағы көпқабатты үйлерде 100 лифт ауыстырылады

Биыл Қарағандыдағы көпқабатты үйлерде 100 лифт ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ, облыста 74 үйдің қасбеті пен шатыры жөнделеді. Бұл туралы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандыдағы көпқабатты үйлерде 100 лифт ауыстырылады
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. Ұлантай Үсенов хабарлағандай, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес қалалар мен елді мекендерге бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында 2020 жылы 469 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырлары жөнделді. Бұл мақсатқа 7,667 миллиард теңге бөлінді. «Биыл жұмыс жалғасады: 74 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жоспарлануда. Бұл Балқашта – 13 үйде, Жезқазғанда – 2 үйде, Қаражалда – 1 үйде, Приозерск қаласында – 4 үйде, Саран қаласында – 3 үйде, Сәтпаев қаласында – 20 үйде, Теміртауда – 15 үйде, Абай ауданында – 3 үйде, Қарқаралы ауданында – 4 үйде және Ақтоғай ауданында – 9 үйде болады», - деп хабарлады Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы. Сондай-ақ, өңірде лифтілерді ауыстыру жұмыстары жалғасуда. «2020 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы «республикалық АҚ-нан облыстың көп қабатты тұрғын үйлеріндегі лифт жабдықтарын ауыстыруға жылдық 6%-бен, 8 жыл мерзімге ай сайынғы төлемдерді қайтара отырып, нысаналы кредиттік қаражат алынды. 2020 жылы Қарағанды – 64, Теміртау – 32, Балқаш – 3, Сәтпаев – 2 және Шахтинск қалаларында 102 лифт ауыстырылды», – деп бөлісті Ұлантай Үсенов.

Қазір оқып жатыр

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров