USD
USD
USD

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

Қарағандыда полиция бекетінен жалаңаш әйелдің мәйіті табылған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

ұрлық
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Министрліктің редакцияның ресми сауалына берген жауабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу аяқталып, 19 тамызда қылмыстық іс соттың қарауына жіберілген.

«Қарағанды облысы Полиция департаменті ҚК-тің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (қызметтегі әрекетсіздік) бойынша жүргізген сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, 19 тамызда қылмыстық істі сотқа жолдады», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ҚПК-тің 201-бабы бойынша іске қатысты өзге деректер жариялауға жатпайды.

Еске салайық, 2025 жылы Қарағандыдағы учаскелік полиция бекетінен жалаңаш қыздың мәйіті мен оның жанынан ес-түссіз майор табылғаны туралы ақпарат тарады. 

Оқиғадан кейін полиция департаменті арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын және қызметтік тексеріс тағайындалғанын мәлімдеген болатын.

Ал ішкі істер министрі Ержан Сәденов болған жайтты аса ұят жағдай деп бағалаған.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп