USD
USD
USD

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Қарағандыдағы академик Е.А. Бөкетов атындағы ұлттық зерттеу университеті өкілдері үш адамнан туберкулез анықталғанын растады.

Бөкетов ұлттық университеті
Фото: karnu-buketov.edu.kz

Астана, NEGE. Бұған дейін желі қолданушыларының бірі аталған оқу орнында он адамның туберкулезбен ауырғанын айтып, университетті карантинге жабуды талап еткен.

Университет өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарып, туберкулездің үш жағдайы ғана расталғанын хабарлады.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде үш жағдайдың бір-бірімен байланысты емес екені анықталған. Науқастар өзара байланыста болмаған. Олардың екеуі басқа өңірлерден келген, ал біреуі Қарағанды тұрғыны болып шықты. Қауіпсіздік шараларына байланысты кейбір топтар уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілген.

«Университет санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен және медициналық ұйымдармен бірлесіп, қажетті профилактикалық шараларды жүргізіп жатыр. Науқастармен жақын байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынған. Сонымен қатар студенттерге профилактикалық медициналық тексеру ұйымдастырылды», – делінген ресми хабарламада.  

Сондай-ақ бұл жағдай университет әкімшілігінің бақылауында екені атап өтілді. Оқу процесі уақытша енгізілген жекелеген шараларды қоспағанда, штаттық режимде жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев