USD
USD
USD

 Қарағандыда жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақ ала жүгірді

Қарағандыдағы аялдамалардың бірінде белгісіз біреу қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақ ала жүгіріп, кондукторды балағаттаған.

 Қарағандыда жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақ ала жүгірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы хабар Қарағанды қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына түсті. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері күдікті қоғамдық көлікте қоқыс шашып, осыған байланысты кондуктордың ескертпесіне балағат сөз айтып, дау шыққаны белгілі болды. «Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабы 3тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе