USD
USD
USD

Қарағандыда жоғары лауазымды шенеунік 500 адамға ұзату тойын жасады

 Қарағандыда шенеунік қала мейрамханаларының бірінде қызының ұзату тойын жасап, 500 адам қонақ жинаған.

Қарағандыда жоғары лауазымды шенеунік 500 адамға ұзату тойын жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жағдайды мобильді топ тіркеді. Мейрамхананың қызметі тоқтатылды. Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде мобильді топ өкілдері карантиндік шектеудің бұзылу фактісін анықтады. Белгілі болғандай, онда 500 адам шақырылып, қыз ұзату өткізген. Әлеуметтік желілерде мейрамхана маңына көп көлік жиналғаны туралы видео жарияланды. Іс-шараны облыстың жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі ұйымдастырған.

«Санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың бұзылуына байланысты «Ариста» мейрамханасының иелеріне қатысты нысанның қызметін тоқтату бойынша шара қабылданады. Халықтың COVID-19 ауруының өсуіне қарамастан, мекеме иелері мен бұқаралық шара ұйымдастырушылар жақындарына инфекцияның жұғуы мен таралу қаупін төндіретіні өте өкінішті. Бұл мәселе Қарағанды қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының және мониторинг тобының жеке бақылауында», - деп түсіндірді Қарағанды қалалық әкімдігі. Мобильді топтар бұзушылықтарды анықтау жұмысын жалғастырып жатыр. Ресми емес мәліметке сенсек, бұл шенеунік - Қарағанды облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas