USD
USD
USD

Қарағандыда жылу желісіне соғылған жүк көлігі қар жинауға шыққан

Бүгін Қарағандыда жүк көлігі жылу желісіне соғылып, құбырды зақымдады. Салдарына бірнеше көше жылусыз қалды. 

Қарағандыда жылу желісіне соғылған жүк көлігі қар жинауға шыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жылу желісіне соғылған жүк көлігінің қар жинауға шыққаны белгілі болды. КАМАЗ «Тазалық эксперт» ЖШС-не тиесілі.

«22 желтоқсан сағат 04.30-да КАМАЗ автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі көктайғақ жағдайында Гоголь көшесі бойымен ашық бортымен жүріп келе жатып, қажетті аралықты сақтамай, көлік құралының өлшемін ескермей, жылумен қамтамасыз ету құбырымен соқтығысқан. Апат салдарынан көлік құралы мен құбырға механикалық зақым және материалдық залал келді. Жүргізушіге Әкімшілік заң бұзу туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды және шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова