USD
USD
USD

Қарағандыда жаяу адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда жаяу адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE.  9 сәуір күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне дәмханалардың бірінің маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Жүргізуші көлік басқаруына ие бола алмай, 44 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Жүргізуші ол жерден ізін суытқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” жол-көлік оқиғасын жасаған 20 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктінің көлік жүргізу куәлігінің жоқ екені анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер